Үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) жобаларының тиімділігін қалай бағалауға болады?

17-06-2019 13:31
Үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ)  жобаларының тиімділігін қалай бағалауға болады?



















Қоғам дамуын ақпараттық қолдау қоры ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ @cisc_official мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылатын «Халықаралық және мемлекеттік қаржыландыру аясындағы ҮЕҰ жобаларының ықпалын мониторингілеу және бағалау» жобасын іске асыруға кірісті. Жобаның мақсаты сапаны бағалау және мониторингілеудің халықаралық озық тәжірибелерін тарату арқылы халықаралық және мемлекеттік қаржыландыру арқылы жүзеге асырылатын үкіметтік емес ұйымдардың жобаларының тиімділігін арттыруына ықпал тигізу болып табылады.
Бірінші кезеңде шетелдік сарапшыларды тарта отырып әлеуметтік жобалардың ықпалын бағалау мен мониторинг жүргізудің шетелдік тәжірибесіне талдау жүзеге асырылады. Зерттеу нәтижелері бойынша деректерді жинақтайтын кітапша жарияланады және таратылады.
Келесі қадам - әлеуметтік жобалардың ықпалы мен сапасын бағалау және мониторинг жүргізу Әдістемесін әзірлеу. Әдістеме Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын, Қазақстан Республикасының әлеуметтік жобалар секторы мен коммерциялық емес ұйымдарының даму ерекшеліктерін, стратегиялық даму мақсаттарына қол жеткізуді бағалауда БҰҰ ұсынатын жобалардың ықпалын мониторингілеу және бағалаудағы озық әлемдік тәжірибені назарға алады. Әзірленген әдістеме электронды және қағаз түрінде жарияланады және мақсатты топтарға таратылып, онлайн-ресурстарға орналастырылады.
Алынған тәжірибе мен мәліметтер мемлекеттік органдардың және азаматтық сектордың өкілдері үшін оқу материалдарының жиынтығының негізін құрайтын болады.
Сондай-ақ, жоба аясында ҮЕҰ өкілдері үшін тренингтер өткізіледі. Азаматтық сектордың белсенді ұйымдарының өкілдері қатысатын оқыту шаралары TOT-тренинг (Training of Trainers) түрінде оқытылады.
Жобаның соңғы шарасы барлық мүдделі тараптар өкілдерінің қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласында жобаның нәтижелерін қорытынды жариялау болып табылады.
Жобаның орындалу барысын қадағалаңыз!



Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код: *