Халықаралық және мемлекеттік қаржыландыру есебінен ҮЕҰ жобаларының әсерін бақылау және бағалау

11-10-2019 12:08
Халықаралық сарапшы Красен Станчев әлеуметтік жобаларды бағалау және бақылау саласындағы ең сәтті әлемдік тәжірибені жүйелеу бойынша жұмыстарды аяқтады.
Красен Станчев жобаларды бақылау мен бағалауға деген көзқарастарын талдау үшін халықаралық ұйымдардың ішінде БҰҰ мен ЭЫДҰ-ға назар аударды.
Айтпақшы, ЭЫДҰ алғашқы халықаралық үкіметаралық ұйымдардың бірі болып, гранттық көмек пен әлеуметтік бағдарламаларды бағалау қағидаттарын тұжырымдап, белгіледі. 1991 жылы ЭЫДҰ бағалау 47 қосымша қағидаттарда, тәсілдер мен талаптарда ашылған 11 қағидатқа негізделуі керек деп шешті. Олардың барлығын сарапшы егжей-тегжейлі зерттеп, БҰҰ бағалау және бақылау тәсілімен салыстырды. Сонымен қатар, бірнеше елдердегі ҮЕҰ жобаларын бақылау тәжірибесімен танысты.
Қазіргі уақытта мәтін қатталып, жариялауға дайындалуда, содан кейін кітапшалар мемлекеттік органдарға, ҮЕҰ мен ТоТ тренингіне қатысушыларға таратылады. Сонымен қатар, шетелдік тәжірибеге шолу мәтінін электронды нұсқада Ақпарат қорының (www.fipro.kz) веб-сайтында және оқу құралдарының бірыңғай деректер базасында (www.metodlib.kz) табуға болады.
Еске салсақ, Қоғамды дамытуды ақпараттық қолдау қоры ҚР Үкіметі Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен НАО @cisc_official Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік гранты бойынша жүзеге асырылатын «Халықаралық және мемлекеттік қаржыландыру есебінен ҮЕҰ жобаларының әсерін бақылау және бағалау» жобасын жүзеге асыруда.
Халықаралық және мемлекеттік қаржыландыру есебінен ҮЕҰ жобаларының әсерін бақылау және бағалау



Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код: *